Қазақ-мажар байланысы нығаяды

Мажарстанның ең үлкен банкі – OTP Қазақстан нарығына кіруі мүмкін.

Қазір келіссөз жүріп жатыр. Сондай-ақ айти алпауыт 4iG отандық компаниялармен бірге ғарыш, спутниктік байланыс және қорғаныс саласы бойынша ортақ жобаларды талқылап жатыр. Маңызды жобаның бірі – Құрғақ порты. Мамандар бастапқы кезеңде 40 млрд доллар инвестиция құйылатынын хабарлады. Алда бұл көрсеткіш еселеп артады. Ал бұл сапардың негізгі мақсаты – екі елге ортақ инвестициялық қор құру. Одан бөлек, жыл сайын 250 қазақстандық студент мажар университеттерінде білім алады. Осы ретте Президент отандық жоғары оқу орындары да мажарлық студенттер мен зерттеушілерді көптеп қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Көлік саласына да баса назар аударылды. Биыл Шымкенттен Будапештке тікелей әуе қатынасы ашылды. Енді президенттер екі ел астаналары арасындағы әуе қатынасын қайта орнату мүмкіндігін қарастыру туралы келісімге келді.

Тауар айналымы – $164,6 млн

Импорт – $153,4 млн

Ауылшаруашылық техникалары

Дәрілік заттар

Көкөніс

Үй құстары

Ірі қара

Экспорт – $11,2 млн

Пропилен полимерлері

Минералды тыңайтқыш

Өнеркәсіпке арналған май

Балық өнімдері

Өндіріс жабдықтары