Сарапшы: KazЕnergy форумына балама аз
KazEnergy форумы – елдегі энергетикалық мәселелер талқыланатын басты алаң. Айтулы шарада білікті мамандар саладағы өзекті сауалдарға тұщымды жауап береді.
Бүгінгі жиынға қатысқан S&P Global вице-президенті Мэттью Сейгерс форумға жоғары бағасын берді.
Мэттью Сейгерс, S&P Global вице-президенті:
- KazEnergy сияқты ауқымды форумдарға қатыспағанымызға біршама уақыт болыпты. Кем дегенде 20 жыл өткен шығар. Осы мерзім ішінде санаулы жиындарға ғана қатыса алмаған шығармын. Бірақ Қазақстанда өтетін отырысты мейлінше өткізіп алмауға тырысамын. Бұл мен үшін маңызды оқиға. Өйткені энергетика Қазақстан үшін басты бағыттардың бірі саналады.