Қазақстанда нақты сектордағы өсім 8,2%-ға жетті
Елде жыл басынан бері көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі ең жоғары өсім көрсетті.
Атап айтқанда, сауда – 9%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіне тоқталсақ, машина жасауда өңдірістің 11,5%-ға, оның ішінде автомобиль құрастыру – 13,3%-ға, тамақ өнімдерінде – 9,1%-ға, сусындарда – 8,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,9%-ға, мұнай өңдеуде – 6,3%-ға, металл бұйымдарында – 14,1%-ға өсім байқалды. Нақты сектордағы өсім 8,2%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті. 10 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады. 2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен 5%-дан төмен емес деңгейде өсетін болады, - деп межеленіп отыр.
Экономикалық өсім - 6,4%
Сауда - 9%
Өңдеу өнеркәсібі - 5,8%
Ауыл шаруашылығы - 5,4%
Машина жасау - 11,5%
Автомобиль құрастыру - 13,3%
Тамақ өнімдері - 9,1%
Сусындар - 8,7%
Химия өнеркәсібі - 10,9%
Мұнай өңдеу - 6,3%
Металл бұйымдары - 14,1%