Қазақстан – Түрікменстан тауар айналымы 555,7 млн долларға жетті
Былтыр Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 555,7 млн АҚШ долларға жетті. Оның ішінде экспорт 335 млн долларға таяса, импорт 220 млн доллар шамасында.
Ал биылғы қаңтар-қыркүйек арасындағы көрсеткіш 363,6 млн АҚШ доллары көлемінде болды. Оның 223 млн доллары экспортқа, 141,9 млн доллары импортқа тиесілі. Бұл бір жыл бұрынғыдан 5,36% көп. Былтырғы тоғыз айда екі ел 345 млн долларға алыс-беріс жасаған.