Шаруашылықтардың 16% ғана су үнемдеу технологиясын қолданады

Елдің экономикалық әлеуеті артқан сайын суға да сұраныс өсе түседі. 

Мәселен, мақта шаруашылығының ирригацияға тәуелділігі 36,6% құрайды. Бұл ел бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Мал азығын әзірлеуге де жеткілікті су қоры қажет. Оның үлесі 18%-ке жуықтайды. Күріш сияқты дәнді дақылдардың суару жүйесіне тәуелділігі 14,5%. Ал үздіксіз суаруды қажет ететін жеміс-көкөніс пен бақша дақылдарының үлесі 29%.

Cуды үнемдеудің негізгі көрсеткіштері

Қазақстанда суарылатын алқаптың аумағы 2 млн гектарға жуықтайды. 2030 жылға қарай оны 2,5 млн гектарға дейін жеткізу жоспары бар. Алайда қолда бар ирригация жүйелерінің 40%-ке жуығы тозған. Бұл өз кезегінде су шығынын арттырады. Сол себепті алдағы 4 жылда тозу деңгейін 25% азайту жоспарланып отыр. Бүгінде ел бойынша суармалы шаруашылықтардың 16%-і ғана су үнемдеу технологиясын қолданады. Ендігі меже 50%-ке дейін жеткізу.