Қазақстан астығын Өзбекстан арқылы тасымалдау мәселесі талқыланды

Қазақ-өзбек қатынасына қарқын қосылды.

 Енді Сарыағаш мемлекетаралық теміржол түйісу пункті арқылы тәулігіне 35 жұп пойыз қатынайды. Сондай-ақ өзбек өкілдері күініне кемінде 10 астық тиелген құрамды және 5 жабық вагондағы азық-түлік тауарларын қабылдайды. Қос елдің үкімет мүшелері Ташкентте кездесіп, келіссөз өткізді. Тараптар логистикалық тізбектерді тұрақтандыруға және қазақстандық астықты Өзбекстан нарығына, сондай-ақ өңірдің өзге де елдеріне уақытылы жеткізу жайын талқылады. Айтайық, қазір арадағы тасымал көлемі 11 айда 28,5 млн тоннаға жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға көп. Әсіресе астық тасымалы айтарлықтай артқан. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш 32 пайызға көп.