Агросектор: 25 мың техника сатып алынды

Жыл басынан бері қазақстандық шаруалар 25 мың бірлік техника сатып алды. Осылайша, агросектордағы машина-трактор паркі 6,5 пайызға жаңарды. Бұған мемлекеттің қолдауы оң ықпал етті. 

Биылғы 11 айда 225 млрд теңгеге 10 мың 100 дана агро машина лизингке берілді. Ал былтыр 10,5 мың техника алынған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 37 пайызға артық. Сондай-ақ елде ауыр техникаларды өндіру өндірісі де өркен жайып келеді. Қазір Қазақстанда өздігінен жүретін машиналарды шығаратын 10 зауыт бар.