Елге жылына $20 млрд инвестиция тартылады
Қазақстанға жылына 20 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция құйылады.
Бүгінде еліміз Орталық Еуразиядағы ең тартымды инвестициялық бағыт саналады. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, 2021, 2023 жылдары елге тартылған қаражат көлемі шамамен 24 млрд долларды құраған болатын. Ал биылғы жылдың алғашқы жартысының өзінде экономикаға 10 млрд доллардан астам қаржы түскен. Жалпы алғанда Орталық Азияға бағытталатын барлық шетелдік инвестициялардың шамамен 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Сарапшылар мұндай тұрақтылықты институционалдық реформалар және мемлекеттің белсенді рөлімен байланыстырады.