Елімізде агромаркетплейс іске қосылады
Елде жыл аяғына дейін QazTrade Retail онлайн-платформасы іске қосылады. Бұл – отандық өндірушілерді ішікі нарықта қолдау.
Жобаға республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа өткізу жоспары да бекітілді. Тері өндірісінде де отандық өнімдердің үлесі артады. Бұған республикалық бюджеттен 51,3 млн теңге қаржы бөлінеді. Сонымен қатар тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі негізінде агромаркетплейс іске қосылады. Бұл платформа жеке инвестиция есебінен құрылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер цифрлық қолдаудың мүмкіндігі көп боларына сенімді.
БАӘ:
- Бұл маркетплейс Қазақстанның жергілікті өндірушілеріне көмектеседі. Ел нарығын түгел қамту үшін қажет. Әр қала, әр дистрибьютормен жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Өйткені қазір өндіріс бар да, білікті менеджерлер аз. Келесімшарт жасау кезінде қиналамыз. Бұл платформа осы олқылықтың орнын толтырады.