О. Бектенов: Бізге қарқынды экономикалық өсім керек
Әлемдік тәжірибеге сәйкес экономикалық өсімді ынталандыру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Үкімет отырысында Премьер-министр осындай пәрмен берді.
Экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталған шаралар кезең-кезеңімен іске аспақ. Алдымен базалық тауарлар тапшылығын жоюға баса назар аударылады. Қазіргі уақытта азық-түлік секторында 12 бағыт және азық-түлікке жатпайтын секторда 24 бағыт айқындалды. 2030 жылға дейін "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдары арқылы шамамен $100-120 млрд сомаға өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру жоспарланып отыр. Ішкі нарықты отандық тауарлармен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін "Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы жүргізілмек.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Қазір көптеген мемлекеттер экономикалық өсімді ынталандыруға қыруар қаржы бөлуде. Серік Мақашұлы, мен сізге тиісті ақпаратты жібердім. Мысалы, қазір Германия және басқа елдер осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Бізге де аталған бағытта жұмыс істеу керек. Қарқынды әрі сапалы экономикалық өсім қажет. Сондықтан жұмысты жалғастырыңыздар.