Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін тауар көлемі ұлғайды
Әсіресе көрші елмен шекарадағы Алашаңқай теміржол өткелінің тиімділігі артқан.
Бұл Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және тауар айланымының негізгі қақпасы болып саналады. Біздің елмен шекарадағы өткел Қытайды 21 елмен байланыстырып тұр. Дәл қазіргі кезде 128 бағытта жүк тасымалданып жатыр. Қытайдың ресми мәліметіне сәйкес былтыр бұл жерден 29 млн-нан астам транзиттік жүк өткен.
Чжан Юбинь, Алашанькоу теміржол бекетінің техникалық бөлім жетекшісі:
- Шекарадағы Алашаңқай теміржол өткелінің тиімділігі артып келеді. Бұл Қытайды Орталық Азия елдері және Еуропамен байланыстырып тұрған солтүстік-батыстағы күре жол. Бүгінде жүк тасымалы көбейді. Қазір кеден рәсімдерін оңтайландырып, жүк пойыздарын жөнелту кестесін жүйелеп жатырмыз. Уақыт үнемдеуге оң ықпалын тигізді. Бүгінде темір жол арқылы жөнелтілетін жүк көлемі 5,3 пайызға өсті.