Қытайда қариялар саны балалардан асып кетті

Елдің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр зейнеткерлер қатары 223 млн-нан асқан. Ал 14 жасқа дейінгі балалар олардан 10 млн-ға аз болып шықты, деп хабарлайды 24KZ.

Қытайда бала туу деңгейі рекордтық төмен көрсеткішке түсіп, халық саны төртінші жыл қатарынан азайып отыр. Сарапшылар: «Бұған 35 жыл бойы қолданыста болған бала тууды шектеу саясаты мен урбандалу себеп», - дейді. Әсіресе Бейжіңнің халқы тез қартайып барады. 2035 жылға қарай Қытай астанасындағы әр үшінші тұрғынның жасы 60-тан аспақ. Қазірдің өзінде қала халқының төрттен бірі – қарттар. Билік зейнеткерлерге қолдауды күшейтіп, оларға күтім жасау жүйесін дамытып әлек. Бірақ экономистер халықтың тез қартаюы тұтыну нарығының өсімін бәсеңдетіп, елдің зейнетақы бюджетіне бұдан да үлкен салмақ салуы мүмкін деп қауіптенеді.

Сондай-ақ оқыңыз: