Жасанды интеллект бизнесте кеңінен қолданылады
Жасанды интеллект енді бизнесте де кеңінен қолданылады.
Ашық деректерді пайдалану мен ақылды технологиялар жаңа дәуірдегі кәсіпкерліктің негізі болады. Бүгін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері бизнес пен IT-компаниялардың өкілдерінен құралған мамандармен кездесу өткізді. Жиында стартаптарға және шағын компанияларға мемлекеттік қолдау шаралары бары айтылды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қажетті IT өнімдерімен таныстырды. Соның бірі Ashyq Data порталы. Бұл портал 120-дан астам мемлекеттік базаның деректерін біріктіреді. Онда жылжымайтын мүлікттен бастап 200-ге жуық дерек қолжетімді. Портал ақысыз негізде жұмыс істейді.
Әлия Оспанова, цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры:
- Цифрлық мемлекетті құру үшін біздің цифрлық мәліметтердің қайсысы әлі цифрлық еместігін IT-компаниялар білуі қажет. Сол үшін арнайы архитектуралық портал арқылы біз осы мәліметтерді ашық әрі тегін түрде көрсетіп отырмыз. Бірақ көбінесе IT-компаниялар мұны білмейді: қай министрлікте қай мәлімет цифрлық түрде дайын екенін білмей жатады. Біздің міндетіміз осы мәліметтерді цифрлық компанияларға көрсету.