Интернет-платформаларға салық агенті мәртебесі берілуі мүмкін

Интернет-платформаларға салық агенті мәртебесін беру мәселесі Үкіметте қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жобалық кеңсенің 10-отырысында жаңа салық нормаларын қолдану мәселелері талқыланды. Жиында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов бастаған бизнес өкілдері платформалардың тек делдал қызметін атқаратынын атап өтті. Ал Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мемлекет барлық қатысушыларды қамтитын толық цифрландырылған салықтық жүйе қалыптастырып жатқанын айтты. Айтуынша, бұл тәсіл қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Отырыста ауылдағы жұмыспен қамту, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мәселелері де көтерілді.