Қытай АҚШ тауарларына салықты көтермейді
Қытай АҚШ тауарларына қосымша баж салығын енгізуді тағы екі айға тоқтатты. 24 пайыздық тарифтің күші 10-шы қарашадан бастап тоқтатылады. Ал негізгі 10 пайыздық баж салығы сақтала береді. Қытайдың бұл шешімі Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келісімін жүзеге асыру аясында қабылданған.
Ресми Бейжің АҚШ-тың алдағы сауда саясатын жіті бақылап, қажет болған жағдайда шектеулерін қайта қарауға дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін Қытай басшысының АҚШ-қа мемлекеттік сапары кезінде сауда келісімін тағы екі айға ұзартуға уағдаласқан еді. Сарапшылар бұл қадам АҚШ пен Қытайдың арадағы сауда қатынасын тұрақтандыруға бағытталған деп отыр.