Теміржол жүк тасымалы 64,5 млн тоннаға жетті

Биыл елде теміржол арқылы 64,5 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл былтырғы осы мерзімімен салыстырғанда 360 мың тоннаға көп. Ішкі тасымалдар - 40,8, экспорт 23,7 миллион тоннаға жетті.

Әлеуметтік маңызы бар жүк тасымалдау мәселесі де қатаң бақылауда. Жыл басынан бері 27,4 миллион тонна көмір жеткізілсе, оның 20 миллион тоннаға жуығы ішкі нарықты қамтыды.

Бұдан бөлек, 4,1 млн тонна астық тиелді. Оның 3,3 млн тоннасы – экспорт. Сыртқы нарыққа жөнелтілетін ұн көлемі 6,2 пайызға, яғни, 570 мың тоннаға ұлғайды. Оған қоса, қара металл тасымалы 18 пайызға артып, 1,3 миллион тоннаға жетті. Темір және марганец кендері – 2,7 миллион тонна. Ал тыңайтқыш тасымалы үш пайызға өсіп, 1,2 миллион тоннаға жетті.