Астана гастротуризмнің жаңа орталығына айналмақ

Фото: Астана әкімдігі

«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артём Квашук халықаралық Gault&Millau гастрономиялық гидінің бас директоры Патрик Хаюнмен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды  «24KZ».

Бұл келісім елордадағы гастрономиялық туризмді дамытуға және Астананы заманауи халықаралық туристік дестинация ретінде ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

Gault&Millau («Сары гид») – Michelin гидімен қатар әлемдегі ең беделді мейрамхана рейтингтерінің бірі. 50 жылдан астам уақыт бойы гид үздік мейрамханаларды, қонақүйлерді және гастрономиялық жобаларды бағалап, HoReCa саласындағы халықаралық сапа стандарттарын қалыптастырып келеді.

Халықаралық тәжірибеде Gault&Millau нақты нәтижелер көрсетуде: Польшада жоғары деңгейлі мейрамханалар саны 3 жыл ішінде 25%-ға артқан, Грузияда орташа чек көлемі өсіп, Еуропа, АҚШ жәнеТаяу Шығыстан премиум туристер ағыны көбейген. Ал БАӘ-де (Дубай қ-сы) мейрамхана индустриясының кеңеюі және халықаралық шеф-аспаздар мен инвесторлардың қызығушылығының артқан. Бұл гидтің гастротуризм мен HoReCa секторының дамуына ықпалын дәлелдейді.

Жоба аясында Gault&Millau халықаралық инспекторлары Астанадағы 150-ден астам мейрамхана мен 25-тен астам қонақүйге тәуелсіз бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша үздік мекемелер кәсіби бағалауға ие болып, гастрономиялық гидке ену мүмкіндігіне ие болады.