Қазақстанның халықаралық резервтерінде қанша алтын қоры бар?

Фото: depositphotos.com

Қазақстанның халықаралық резервтеріндегі монетарлық алтын көлемі сәуір айында 52,7 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 1,8%-ға жоғары, деп хабарлайды «24kz» nationalbank.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметінше, алтын қоры жыл басынан бері 11,5%- ға артқан, ал сәуірмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен. 
Сонымен қатар елдің жалпы халықаралық резервтері де қайта өсім көрсетті. Сәуір айында олардың көлемі 1,5%-ға ұлғайып, 67,8 миллиард долларға жеткен. Айта кетейік, наурыз айында бұл көрсеткіш 9%-ға төмендеген еді.

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері де өсім көрсетті. Сәуір қорытындысы бойынша олар 3,9%-ға артып, 62,8 миллиард долларды немесе шамамен 30 триллион теңгені құрады. Жыл басынан бергі өсім 1,5% болған. Бұған дейін, наурыз айында, аталған көрсеткіштер төмендеу байқатқан еді.

Резервтік қорлардың жалпы көлемі де артқан. Сәуір айының қорытындысы бойынша олардың көлемі 1,1%-ға өсіп, 14,91 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде банк депозиттерінің үлесі 0,4%-ға көбейіп, 8,5 триллион теңгені құраған.