ЕАЭО елдерінде 6,6 млн астам контрафактілік өнім бірлігі анықталған
Әлемдік контрафактілік өнім айналымының көлемі шамамен 467 млрд АҚШ долларын құрайды.
Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тек 2024 жылдың өзінде 6,6 млн-нан астам контрафактілік өнім бірлігі анықталған. Бұл туралы бас қалада өтіп жатқан халықаралық форумда айтылды. Жиында пленарлық отырыс және зияткерлік меншік саласын цифрландыру, тауарларды таңбалауды дамыту, интернет-саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сынды тақырыптар қаузалды. Сондай-ақ форумда жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған 10 тақырыптық сессия қарастырылған.
Ерлан Сәрсембаев, ҚР Әділет министрі