Елдің бірыңғай энергетикалық жүйесін дамыту

Былтыр KEGOC жөндеу жұмыстарын жоспардағы көрсеткіштен 18 пайызға артығымен орындады. Инвестициялық бағдарлама 99,5 млрд теңгеге игерілді.

2026 жылы жалпы инвестиция көлемі 181,9 млрд теңгеге тең. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Қазір KEGOC елдің бірыңғай энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймақтағы электр желісін күшейту және ел батысындағы энергетикалық жүйені бірыңғайландыру жобаларын жүзеге асырып келеді. Жиында Ұлттық электр желісін 2035 жылға дейін дамыту жобаларына сәйкес, шамамен 7 мың шақырым жаңа электр желілерін салу көзделіп отыр.