Несие қымбаттай ма? Әлемдік орталық банктер шешімін өзгертуде
Әлем біртіндеп төмен пайыздық мөлшерлемелер дәуірінен шығып келеді. Жаһандық орталық банктер ақша-несие саясатын біртіндеп өзгертіп жатыр. Бұрын кең тараған төмен пайыздық мөлшерлемелер кезеңі әлсірей бастады, деп хабарлайды «24KZ» economykz-ке сілтеме жасап.
Сарапашылардың мәліметінше, бұрын кең тараған төмен пайыздық мөлшерлемелер кезеңі әлсірей бастады. Алдағы уақытта пайыздық мөлшерлемелер ұзақ уақыт жоғары деңгейде қалуы мүмкін деген пікір күшейіп келеді.
2026 жылдың басынан бері әлем бойынша орталық банктер 31 рет мөлшерлемені төмендетіп, 12 рет көтеру туралы шешім қабылдаған. Бұл әлі де төмендету басым екенін көрсеткенімен, айырмашылық айтарлықтай азайған.
Соңғы айларда бұл алшақтық одан әрі қысқарып, дамыған елдерде тіпті кері үрдіс байқалған: пайыздық мөлшерлемені көтеру жағдайлары төмендетуден жиілей түскен.
Дамушы елдерде әлі де төмендету саясаты сақталғанымен, ондағы да айырмашылық біртіндеп тарылып жатыр.
Мамандар мұның негізгі себебі ретінде инфляцияның баяу төмендеуінен дейді. Баға өсімі бәсеңдегенімен, күтілген деңгейге толық жетпеген, сондықтан орталық банктер мөлшерлемені айтарлықтай төмендетуге асықпай отыр.
Бұрынғы жылдары арзан ақша кезеңі қайта оралады деген үміт басым болса, қазір жағдай күрделене түскен. Пайыздық мөлшерлемелер ұзақ уақыт жоғары деңгейде сақталуы мүмкін деген болжамдар күшейуде.
Бұл өзгеріс валюта нарығына, инвестицияға және несие алушыларға тікелей әсер етеді. Себебі ақша құны экономикалық шешімдерде қайтадан негізгі факторға айналып келеді.