Қазақстан қаржы салған AI әлемдегі ең қымбат компаниялардың біріне айналды

Фото: Reuters

Ұлттық банк инвестиция салған Anthropic  АҚШ-та IPO-ға шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды «24KZ».

Anthropic жасанды интеллект саласындағы жетекші компаниялардың бірі. 2025 жылдың соңында Қазақстанның Ұлттық қоры Anthropic компаниясына 25 миллион доллар инвестиция салған болатын. Ол кезде компанияның нарықтық құны 183 миллиард доллар деп бағаланған.

 Reuters дереккөздерінің мәліметінше,  компания алдағы уақытта акцияларын қор нарығына шығаруды жоспарлап отыр.  Anthropic -те  құпия түрде АҚШ-та IPO-ға өтінім беруге дайындалып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл Уолл-стриттегі жасанды интеллект дүрбелеңінің нағыз тарихи бетбұрысы болуы әбден мүмкін.

Anthropic – кеңінен танымал Claude чат-ботын әзірлеген компания. Ол соңғы жылдары жасанды интеллект нарығындағы басты ойыншылардың біріне айналды.

Ал қазіргі таңда Anthropic-тің бағасы бірнеше есе өсіп, шамамен 965 миллиард долларға жетті. Сарапшылардың пікірінше, компанияның IPO-ға шығуы жасанды интеллект нарығындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналуы мүмкін.

Anthropic пен OpenAI бүгінде әлемдегі ең қымбат әрі қарқынды дамып жатқан жасанды интеллект компаниялары саналады.