Ипотекаға бірыңғай мөлшерлеме: Отбасы банк ережеге өзгеріс енгізді
4 маусымнан бастап Отбасы банкінде аралық қарыз бойынша бірыңғай мөлшерлеме - 8,5 пайыз қолданыла бастайды, деп хабарлайды «24KZ» банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отбасы банкі аралық қарыз бойынша «өзгермелі» мөлшерлемеден бас тартады. Бұрын ол жылдық 6-дан 8,5 пайызға дейінгі аралықта болды.
«Аралық қарыз алу үшін ол 5-ке жетуі тиіс. Оны тұрғын үй құнының 50 пайызы мөлшерінде депозит толықтырылған сәттен бастап кемінде алты ай өткен соң алуға болады. Сол кезде банк аралық қарыз береді, - деді Отбасы банкінің баспасөз қызметі.
Бірыңғай мөлшерлеме тек жаңа қарыздар үшін қолданыла бастайды. Алдын ала мақұлдау алып қойғандар несиені бұрын ұсынылған шарттармен рәсімдей алады.
Аралық қарыз бойынша бірыңғай мөлшерлеме мына ипотекалар үшін қолданылады:
Банктің нарықтық бағдарламалары - тұрғын үй немесе жер учаскесін сатып алу, үйді жөндеуге және құрылысқа арналған несие.
«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша несиелер.
«Әскери баспана».
Банкте тұрғын үй және алдын ала қарыздар бойынша мөлшерлемелер бұрынғыдай қалатынын атап өтті. Өзгерістер тек аралық қарызға қатысты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз