Шешім қабылданды: Алматыда автобус паркіне мәжбүрлі түрде жер алынады

Фото: depositphotos.com

Алматының Түрксіб ауданында автобус паркін салу үшін жалпы ауданы 9 гектарға жуық үш жер учаскесі мәжбүрлі түрде алынады, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы әкімдігі 2026 жылғы 1 маусымда тиісті қаулы қабылдады. Учаскелер 9 шағынауданында (әуежай ауданы) орналасқан. Жер иесі - коммерциялық ұйым.

Құжатқа сәйкес, мәжбүрлі түрде иеліктен шығару процесі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы керек. «Қала жер орталығы» КММ-ге белгіленген тәртіппен қабылданған шешім туралы меншік иелерін хабардар ету тапсырылды.

Алматы жер қатынастары басқармасы иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Кейін жер учаскелері Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының теңгеріміне беріледі.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз