Қазақстан мен Қытайдың арасында туристік дәліз ашылады
Қытай Халық Республикасы Шыңшаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алтай қаласында «Үлкен Алтай -2026» субөңіраралық конференциясы өтті.
Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған өңір делегациясы қатысты. Аймақ басшысы көрші ел инвесторларын түрлі бағыттағы жобаларды бірге іске асыруға шақырып, туризм саласындағы мүмкіндіктерімен таныстырды. Нақты ұсыныстарын жеткізді. Осылайша, бұл басқосу екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтты.
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясында екі жақты тиімді жобалар реті талқыланды. Әсіресе облыстың туристік әлеуетіне басымдылық берілді. Қазір шекарадағы өткізу пункті жаңартылып,жүк тасымалы артты. Ал Зайсан мен Қатонқарағайда салынып жатқан әуе айлағы барыс-келісті жеңілдетпек.Өскемен-Үрміші бағытында әуе рейсін ашу көзделген. Көлік-логистика саласында да жоспар көп.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
- Суар арқылы өтетін Даян деген шекара жерінен Сеңгел деген жерге дейін 132 шақырым жолды қайта жаңғыртудан өткен жағдайда Қазақстан мен ҚХР арқылы Моңғолияның Баян Өлгей өлкесімен жақсы қарым-қатынасты одан әрі қарай арттыруға қол жеткіземіз.
Марқакөл мен Қанас көлі арасында туристік бағыт ашу екі тарапқа да қолайлы. Өйткені қос көлдің тұмса табиғаты келгендерді таң қалдырмай қоймайды, - дейді мамандар. Жиында екі автомагистраль құрылысы туралы сөз қозғалды.
Әсет Сұлтанов, ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Біріншісі, Марқакөл және Қанас, Суарда Қанас көлі мен біздің Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл көлі арасындағы автомагитрлаь және Моңғолия Республикасы мен Алтай қаласынан өтетін автомагистраль.
Облыс әкімдігінің «Біздің Ортақ үйіміз- Алтай» халықаралық үйлестіру кеңесіне төрағалық етуі ынтымақтастық аясын кеңейтті. Жалпы өңірдің Қытаймен арадағы сауда айналымы бір жыл ішінде 20 пайызға өскен.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин