Елордада тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр
Елордада Халықаралық тау кен-металлургия конгресі өтіп жатыр.
Биылғы жиын әлемнің 16 елінен келген 1 жарым мыңға жуық делегаттың басын қосты. Іс-шара аясында 21 тақырыптық сессия мен 3 мамандандырылған салалық форум ұйымдастырылмақ. Конгреске Үкімет басшысы Олжас Бектенов қатысты. Делегаттар тау-кен металлургия саласының технологиялық жаңғыртылуы, маңызды минералдарды жеткізу тізбегін дамыту сынды мәселелерді талқыға салды. Айта кетерлігі, Конгресс аясында дәстүрлі «Алтын Гефест» ұлттық салалық конкурсының жеңімпаздары анықталады. Биыл бұл сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Сондай-ақ сала өндірушілерінің қатысуымен халықаралық көрме ұйымдастырылды. Мұнда 69 халықаралық және қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынды.
Мария Полковникова, ұйымдастырушы:
- Биылғы конгресс өте маңызы. Бізге АҚШ, Қытай, Сауд Арабиясы, Канада және Еуропалық Одақтың ұлттық делегациялары келді. АҚШ пен Қазақстан арасында екі жақты дөңгелек үстел, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында екі жақты кездесу өткізу жоспарланған. Іс-шара саланың дамуына зор ықпал тигізіп, Қазақстанның әлемдік аренада танылуына сеп болады.