Бюджет саласындағы қызметкерлердің табысы артты
Экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмриннің мәлімдеуінше, соңғы 3 жылда 1,2 млн-нан астам еңбеккердің жалақысы өскен.
Бұған 2022-2025 жылдарға арналған кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізілген. Қазір әлеуметтік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы орташа есеппен 30%-ға, 600 мың педагогтің еңбекақысы – 25%-ға, 6 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға артқан. Бұдан бөлек «Самұрық-Қазына» тобының өндірістік персоналына еңбекақы төлеудегі алшақтық қысқартылған, дейді Азамат Әмрин.