Былтыр ел экономикасы 6,5% өсті
Былтырғы қорытынды бойынша ел экономикасы 6,5 пайыз өсті. Мұндай көрсеткішке көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі мен сауда салаларындағы өсім әсер еткен.
Республикалық бюджет кірісі 99 пайызға орындалып, 21,4 триллион теңгеге жетті. Бүгін Сенат депутаттары алдында Қаржы министрі бюджеттің атқарылуына қатысты есеп берді. Мәди Тәкиев сыртқы экономикалық қиындықтарға, инфляциялық қысым мен геосаяси ахуалға қарамастан оң нәтижелердің барын айтты. Мәселен, салық түсімдері 2 триллионнан теңгеден асқан. Бүгінге дейін Үкімет әлеуметтік міндеттемелерін уақытылы орындап, экономикалық өсімді қамтамасыз етті.