«Жазғы Давос» форумы: экономикалық серіктестік нығайды
Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші дәстүрлі кездесуі аясында Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Моңғолия Премьер-министрі Ням-Осорын Учралмен келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіп кооперациясы, тау-кен металлургиясы, агроөнеркәсіп кешені, жасанды интеллект және ғарыш технологиялары салаларындағы әріптестік мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын 500 млн долларға жеткізу жоспарда бар. Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрі Тарик Рахманмен кездесуде сауда және инвестиция, көлік-логистика, цифрландыру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне назар аударылды. Тараптар экономиканың басым бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті және бас директоры Алоис Цвингимен цифрлық трансформация, жасанды интеллект, адами капиталды дамыту сынды ынтымақтастық перспективалары сөз болды.
Сонымен қатар Қазақстанның осы форуммен жүйелі сараптамалық әріптестікке көшуге мүдделі екені айтылды.