Үкімет биыл инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отыр
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде инфляцияны тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «24KZ».
Тұрақты экономикалық өсімге қарамастан, былтыр еліміздің инфляциялық қысымның жоғарылауымен бетпе-бет келгені атап өтілді. Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде инфляцияның біртіндеп баяулауына қол жеткізілді.
Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылдың бес айында инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, өткен жылы инфляциялық процестер халықтың табыс деңгейіне әсер етті.
Егжей-тегжейлі қарасақ, халықтың табысы өскен бірқатар салалар бар. Мысалы, ауыл шаруашылығында ауылдағы жұмысшылардың нақты табысы 9,3%-ға өсті. Сауда, байланыс, сумен жабдықтау, энергетика сияқты салаларда кірістер бағытына байланысты орта есеппен 4%-ға өсті, көлік саласында бұл көрсеткіш 5-тен 10%-ға дейін артты. Жекелеген салаларда оң динамика бар. Біз халықтың нақты табысының көрсеткіштері экономиканың бүкіл салаларында өсуі үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз,— деп атап өтті Премьер-министр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз