Елімізде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті

Фото: depositphotos.com

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің құрылыс секторының жылдық жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

«Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алынды», — деді министр.