Қазақстан 2030 жылға ет экспортын 165 мың тоннаға жеткізу міндетін қойды
Міндетке орай Үкімет мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын қабылдады.
Жоспар аясында “Игілік”, “Береке”, “Жайлау” бағдарламалары жүзеге асырылып, кәсіпкерлерге қаржылай қолдау ретінде 220 миллиард теңге қарастырылған.
Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі ет өңдеу комбинаты. Мұнда жылына 200 мың шошқа мен 1800 ірі қара малы сойылады. Өнім ішкі нарықпен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Армения және Грузияға сатылады.
Лариса Косова, ет өңдеу кәсіпорыны директорының орынбасары:
- Біздің өнім табиғи таза шикізатымен бағалы. Ешқандай химиялық қоспа пайдаланылмайды. Өндіріс халықаралық талаптарға жауап береді. Енді қайта өңдеу цехын жаңғыртып, 23 ауысымдық жұмыс кестесіне көшуді жоспарлап отырмыз.
Елде Президент тапсырмасымен мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын қабылданды. Соған сәйкес “Игілік”, “Береке”, “Жайлау” бағдарламалары түзіліп, Үкіметтен 220 млрд теңге бөлініп отыр.
Бағлан Аймырзаев, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің директоры:
- Қазіргі таңда сиыр етінің экспорты 30 мың тоннадан асып, қой етінің экспорты да 30 мың тоннадан асып отыр. Енді біз жалпы қазіргі таңда барлық ет бойынша 82 мың тонна дейміз ғой, кешенді жоспар аясында оны 165 мың тоннаға дейін жеткіземіз деп 2030 жылға дейін 165 мың тоннаға жеткіземіз деген міндет тұр.
Биыл Үкіметтен мал шаруашылығын субсидиялауға 117 млрд теңге бөлінді. Бұл саланың дамуына оң ықпал етіп, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді, дейді мамандар.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Стаститикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда осы жылдың төрт айында 340 мың тонна ет өндірілді. Ішкі нарық жылқы, сиыр және қой етімен толық қамтамасыз етілген. Артылғаны экспортқа шығарылады. Тапсырыс беруші негізгі елдер: Қытай, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Катар.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков