Азия қор нарығы құлдырады
Оңтүстік Кореяның KOSPI индексі шамамен 6 пайызға төмендеді. Кейін биржа шығынның бір бөлігін қайтарып, минус 3 пайыз деңгейінде жабылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жасанды интеллект саласына салынған ауқымды инвестициялардан түсетін пайда азаяды деген қауіпке байланысты инвесторлар технологиялық компаниялардың акцияларын әлі де жаппай сатып жатыр. Гонконгтың Hang Seng индексі 0,2 пайызға қысқарды. Шанхайдың Shanghai Composite және CSI 300 индекстері шығындарды теңестіріп, жұма күнгі деңгейде тұрақтап қалды. Ал биліктің араласуына байланысты Тайваньның Taiex индексі 3 пайызға өсті. Биржада қысқа мерзімді шектеу енгізіліп, көлемі 15 млрд долларды құрайтын тұрақтандыру қоры іске қосылды.