Үкіметте Газ саласын дамытудың жоспары бекітілді

Елде 30 жаңа газ кен орны игеріледі.

Үкіметте тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін Газ саласын дамытудың жоспары бекітілді. Бүгінде "QazaqGaz" ұлттық компаниясымен 9 келісімшарт жасалған. Оның алтауы барлау, үшеуі өндіру сатысында. Жобаларды жүзеге асыру мерзімі 2047-2069 жылдарға есептелген. Келесі жылы Батыс Прорва кен орнының екінші кешенін, Малдыбай, Придорожное, Өріктау кен орындарын пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек Маңғыстау облысындағы "Болашақ" жобасы аясында алғашқы 3500 метрлік іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Ал «Жылыой» және «Березовский» жобалары бойынша қытайлық компанияларымен келісімшарт жасалып, күзде сейсмикалық барлау басталады.