Жаңа келісімдер жаңа нарықтарға жол ашады

Қазақстанның Даму Банкі қытайлық серіктестермен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бес құжатқа қол қойды.

Негізгі нәтижелердің бірі Қазақстанның Даму Банкі мен Қытайдың орталық депозитариі арасында еркін сауда аймағының офшорлық облигациялары эмитенттеріне қызмет көрсету туралы келісімнің жасалуы. Бұл құжат Банктің Қытай капитал нарығындағы мүмкіндігін кеңейтіп, қосымша қаржы тартуға жол ашады. Бұдан бөлек Ұлытау және Қостанай облыстарында энергетикалық нысандар бой көтереді. Ал Ақмола облысында жылына 1 миллион тонна астық өңдейтін зауыт тұрғызу бойынша келісім жасалды.