Ақтөбе – Ташкент бағыты бойынша тікелей әуе рейстері ашылады

Фото: depositphotos.com

2 тамыздан бастап Ақтөбе – Ташкент бағыты бойынша тікелей рейстер ашылады, деп хабарлайды «24KZ».

«Centrum Air» әуе компаниясы Ақтөбе халықаралық әуежайынан Ташкент қаласына тұрақты тікелей рейстерді іске қосады. Рейс аптасына 2 рет болады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі мәлімдеді.

«Енді Өзбекстан астанасына саяхаттау бұрынғыдан да ыңғайлы. Тікелей рейстер уақытты үнемдеп, демалысқа, іскерлік кездесулерге және жаңа әсерлерге жол ашады. Билеттерді Centrum Air компаниясының ресми сайтынан немесе уәкілетті агенттіктерден сатып алуға болады», - делінген ақпаратта.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз