Түркиялық әуе компания Қазақстанға тікелей рейстер ашады
31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе компаниясы Алматы — Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.
Ұшақтар аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен қатынайды.
Министрліктің хабарлауынша, жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, іскерлік және мәдени байланыстарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз