КҚК бойымен мұнай тасымалы тоқтамайды
Каспий құбыр консорциумымен мұнай тасымалы тоқтамайды.
Бұған дейін бірқатар ақпарат құралы құбыр жұмысы толық тоқтауы мүмкін деген хабар таратқан-ды. Энергетика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Мәлімдемеге сүйенсек, мұнай құбырының жұмысы уақытша іркілді. Бірақ мұнай қабылдау мен резервуарларды толтыру жұмыстары тыйылған жоқ. Консорциум бүгіннен бастап тәулігіне 100 мың тонна қара алтын қабылдай алады. Ал алдағы уақыттағы қабылдау көлемі танкерлердің теңіз терминалына келуіне байланысты ұлғаяды. Бұл бағыттағы жағдай толық бақылауда екенін атап өтті министрлікте.