Жаңа тариф: Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру қымбаттайды

Фото: depositphotos.com

16 тамыздан бастап Үлкен Алматы айналма автожолымен жол жүру ақысы көтеріледі. Көлік министрлігі тиісті бұйрықты жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі сайтында Көлік министрлігінің жаңа бұйрығы жарияланды, онда Үлкен Алматы айналма автожолы (ҮААЖ) бойынша жол жүрудің жаңа тарифтері көрсетілген.

16 тамыздан бастап бір реттік жол жүру ақысы:

Жеңіл автокөліктер үшін – 0,14 АЕК (605,5 теңге);

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 0,16 АЕК (692 теңге);
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 0,28 АЕК (1 211 теңге);
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 0,32 АЕК (1 384 теңге);
Жүк көтергіштігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 0,4 АЕК (1 730 теңге);
Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері, соның ішінде ершікті тартқыштар үшін – 0,44 АЕК (1 903 теңге).
Сондай-ақ Алматы облысының Талғар, Қарасай, Іле аудандарының елді мекендерінде тіркелген көліктер үшін бір айлық абонемент құны да белгілі.

Жеңіл автокөліктер үшін – 0,5 АЕК

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 0,6 АЕК;
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 1 АЕК;
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 1,5 АЕК;
Жүк көтергіштігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 2 АЕК;
Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері, соның ішінде ершікті тартқыштар үшін – 2,5 АЕК.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз