2027 жылы республикалық бюджет шығындары 30,2 трлн теңгеге жетеді

Фото: UKIMET

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылған 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының негізгі параметрлері туралы айтты, деп хабарлайды «24KZ».

2027 жылы түсімдер 25,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 12,9% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 2,3% деңгейінде болады деп жоспарланған. Шығыстардың жалпы көлемі биылғы жоспармен салыстырғанда 2,5 трлн теңгеге ұлғаяды.

Ұлттық қордан аударылатын кепілдендірілген трансферт 2,4 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт - 2 трлн теңге, бұл қаражат негізінен аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларға жұмсалатын болады. Бюджетті қалыптастырудың маңызды ерекшелігі: шығыстар өсуін жабу ғана емес, ресурстарды ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, экономиканы, өңірлерді және адами капиталды дамытуға бағыттай отырып, бюджет қаражатының әрбір теңгесінен түсетін табысты арттыруда жатыр, — деді Мәди Такиев.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз