Alatau Сity-де 55 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Alatau City қаласында жалпы құны 6,9 миллиард долларға тең 67 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр.

Бұл жайында Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Alatau City кеңесінің отырысында белгілі болды. Жобалар іске қосылған жағдайда қалада 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Alatau City Authority компаниясының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, қазір PepsiCo және Sunny Paper кәсіпорындарының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Сонымен қатар Mars Petcare KZ, Griffin Logopark, «ДанаФлекс» және G-Trans Service компанияларының өндірістік және логистикалық жобалары бойынша жұмыс басталып кетті. Қаланың флагмандық жобасы болып саналатын Iconic Complex құрылысына дайындық жүріп жатыр. Бұдан бөлек, 330 гектар аумақта жалпы ауданы 5,3 миллион шаршы метрге тең нысандар салу үшін кешенді даму тұжырымдамасы әзірленді. Alatau City-ге инвестиция тарту аясында KAIST филиалын ашу, жасыл энергетика, логистика және цифрлық инфрақұрылым бағыттарындағы жаңа жобалар пысықталуда.

Сондай-ақ оқыңыз: