Инфляция 9,8%-ға дейін бәсеңдеді: қандай тауарлар арзандады?

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 2026 жылғы тамызда айлық инфляция 0,6% болды. Бұл шілдедегі көрсеткішпен бірдей. Ал жылдық мәнде инфляция 9,8%-ды құрады. Шілдеде бұл көрсеткіш 10,2% болған, деп хабарлайды «24KZ».

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, тамызда бағаның негізгі төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде байқалды. Картоп 12,3%, тәтті бұрыш 11,9%, қырыққабат 9,7%, жүзім 8%, пияз 7,7% арзандады.

Сонымен қатар алма бағасы 5,1%, сәбіз – 5%, лимон – 4,7%, қызылша – 3,6%, алмұрт – 1,8%, қияр 1,5% төмендеді.

 Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде пайдаланылған жеңіл автомобильдер бағасы 5,3%, планшеттер – 5%, медициналық маскалар – 2,9%, медициналық термометрлер – 1,9%, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері 0,8%-ға арзандады.

 Жылдық мәнде 2026 жылғы тамызда инфляция 9,8% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде – 10,2%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,4%, азық-түлік тауарлары – 9,5%, ақылы қызметтер – 8,9% өсті.

 Өткен жылғы тамызбен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, баялды 46,8%, қияр 39,9%, қызанақ 13,6%, алма 10,6%, сарымсақ 7,2%, мандарин 5,9%, қырыққабат 5,2%, банан 4,2%, апельсин 2,6% арзандады.

 Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда отандық құрастырылған жаңа автомобильдердің бағасы 16,9%, электр бұрғылары мен бұрауыштар – 8%, кондиционерлер – 7,6%, медициналық бинттер 3,1% төмендеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз: