Қазақстанда жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді

ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 9,8%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бұл көрсеткішке теңге бағамының нығаюы мен жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты тікелей әсер етіп отыр, деп хабарлайды «24KZ».

Теңгенің нығаюы импортқа кететін шығынды азайтып, баға өсімін тежеуге ықпал етіп отыр. Соның нәтижесінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны тамызда 11,4%-ға дейін баяулады, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ресми деректерге сәйкес, елдегі азық-түлік инфляциясы 9,5%-ды құрады. Бағаның бұлай бәсеңсуіне көкөніс пен жеміс-жидектің арзандауы, сондай-ақ шетелден әкелінетін тауарлар құнының төмендеуі септігін тигізді.

Еске салайық, осыған дейін Ұлттық банк елдегі экономикалық ахуалды ескере отырып, базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін түсірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: