О.Бектенов ДКҰ Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан мен Дүниежүзілік Кеден Ұйымы кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және цифрландыру бағытындағы ынтымақтастықты күшейтеді. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік Кеден Ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерс көлік-логистикалық дәліздерді дамыту және кеден рәсімдерін жеңілдету перспективаларын талқылады.

Үкімет басшысы транс-континенттік сауданың тұрақтылығы ел экономикасын дамытудағы маңызды фактор екенін атап өтті. Дүниежүзілік Кеден Ұйымының Бас хатшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуда Қазақстанның байланыстырушы буын ретіндегі рөліне тоқталды. Биылғы жеті айда Орта дәліз арқылы шамамен 350 мың тонна жүк тасымалданған. Осы кезеңде 24 мыңға жуық көлікпен жүк жөнелтілді. Ал транзиттік тауарлардың жалпы көлемі 14,6 миллион тоннаға жетті. Бірыңғай Keden жүйесі декларациялау, транзит және бақылау процестерін біріктіреді. Ал Smart Cargo платформасы көлік пен мемлекеттік қызметтерді, электронды рұқсаттар мен жүкті қадағалау мүмкіндіктерін бір жүйеге топтастырады.

Сондай-ақ оқыңыз: