ADCB Kazakhstan қазақстандық жобаларға инвестицияны үш есеге арттырады

Елімізге кейінгі 20 жылда Біріккен Араб Әмірліктерінен тартылған инвестициялар көлемі 7 млрд доллардан асты. 

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan басшысы Фарух Аль Марзукимен кездесуінде айтылды. Тараптар инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының салаға қатысты берген тапсырмаларына тоқталып, елімізге қаржы тарту мақсатындағы ауқымды реформалардың жүргізіліп жатқанын айтты. Өз кезегінде Фарух Аль Марзуки арадағы уағдаластықтардың жемісті іске асып жатқанын және алдағы уақытта қазақстандық жобаларды қаржыландыруды үш есе ұлғайтуға ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз: