Маңғыстауда жаңа нысандар салынып жатыр
Ақтау халықаралық әуежайында мультимодальды логистикалық және авиациялық хаб аясында 3,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазір кендірлі әуежайы құрылысының жартысына жуығы аяқталып қалды. Сондай-ақ контейнерлік хабтың жобалық қуаты еселенді. Ақтау порты жылына 11,8 млн тонна, ал Құрық порты 6 млн тонна жүк өткізе алады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстауда іске асып жатқан өндірістік, энергетикалық, көлік-логистикалық және туристік нысандардың жұмысымен танысты.
Бұдан бөлек өңірде химия өнеркәсібі мен энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ақтауда қуаты 160 мегаватт бу-газ қондырғысының құрылысы да аяқталуға жақын. Нысан келесі жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі.