Елімізде егіннің 70%-ы орылды

Елде биыл астық мол.

Орташа түсім гектарына 14 центнерден айналды. Жалпы 24,2 млн гектар алқапқа дән себілді. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар үлесі 16 млн гектарға жуықтайды. Қазіргі уақытта 10,9 млн гектар егін орылып, 15,5 млн тонна астық бастырылды. Бұл жоспарланған алқаптың 70 пайызы. Бұдан бөлек 1,3 млн гектар алқаптағы майлы дақыл орылды. Орта есеппен гектарына 9,7 центнерден өнім алынып, 1,3 млн тонна жиналды. 

ОРАҚ - 2026 

Егін алқабы – 24,2 млн га

Дәнді және дәнді-бұршақты дақыл – 15,6 млн га

10,9 млн га егін орылды

15,5 млн тонна астық бастырылды

Орташа түсім – 14,1 ц/га 

Майлы дақыл – 1,3 млн га

1,3 млн тонна майлы дақыл жиналды

Орташа түсім – 9,7 ц/га

Сондай-ақ оқыңыз: