2035 жылға дейін Қазақстанға 2,9 миллион маман қажет

Қазақстанға 2035 жылға дейін 2,9 миллион маман қажет болады.

Кадр тапшылығы, әсіресе өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ІТ саласында байқалмақ. Мемлекет басшысы осы мәселеге де айрықша тоқталды. Президент қазіргі таңда еліміздегі 763 колледжде 500 мыңнан астам студент білім алып жатқанын атап өтті. Айтуынша, ерте кәсіптік бағдар беруге және дуальді оқытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жүзеге асырылып жатқан "Joltap" жобасының тәжірибесін де айтты. Сөзінше, бастама бизнес өкілдерінің тікелей қатысуымен жұмысшы және цифрлық сала мамандарын қысқа мерзімде даярлауға бағытталған. "Үш жыл ішінде 22 мыңнан аса адам білім алып, 60 пайызы жұмысқа орналасты, екі мыңға жуық жан жеке кәсібін ашты. Осы табысты тәжірибені барлық өңірге тарату қажет", – деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз: