Әлемдік нарықта алтын қымбаттады
Әлемдік нарықта алтын қымбаттады. Өйткені АҚШ-тың еңбек нарығы тоқырап тұр. Сарапшылар осы айда Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені көтере қоймас деп топшылайды, деп хабарлайды «24KZ».
Сондықтан алтынға сұраныс артты. Кейінгі саудада троя унциясы 4 мың 163 долларға сатылды. Дегенмен Сауд Арабиясы Йеменде хуситтерге қарсы ауқымды әскери операция бастады. Бұл әлемдік мұнай тасымалына кері әсер етуі мүмкін. Демек, АҚШ-тың Орталық банкі базалық мөлшерлемені көтеруі де бек мүмкін. Ал күміс шамамен 2 пайыз қымбаттап, бағасы 60 доллардан асты. Платинаның әр унциясы 1 мың 737 доллардан саудаланды.