Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биылғы тоғыз айда 4,2% артты

Биыл 9 айда елдің жалпы ішкі өнімі 4,2% артты.

Мұны Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында хабарлады. Қазақстан бұл көрсеткішке шикізаттық емес сектордың арқасында жетті, деді ол. Саладағы өсім 5,4% болды. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері мен сауда бағыттарында да жетістік бар. Олардың жалпы ішкі өнімге қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асты. Ал мұнай өндірісінің үлесі керісінше 7,8%-ға төмендеді. Жиында Премьер-министр Президенттің Үкіметке экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырғанын жеткізді. 

Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

- Экономикалық өсім барынша теңгерімді әрі сапалы сипат алып келеді. Бұл еліміздің өндірістік қабілетін одан әрі күшейту, кеңейту үшін негіз қалыптастыруда. Үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді жұмысы инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді. 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрайды. Биыл басты міндет – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру.

Сондай-ақ оқыңыз: